Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ақ «Қазагроинновация» Қазақ Өсімдік қОРҒау және карантині



страница1/6
Дата17.10.2016
Размер0.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

АҚ «ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ»

ҚАЗАҚ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИНІ

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы

ҚОЙШЫБАЕВ

МҰРАТ


Алматы

2012

УДК 01:631

ББК 91.9:4

К– 59
К – 59 Қойшыбаев Мұрат: Биобиблиографиялық көрсеткіш / Құраст. А.Б. Жанарбекова, Ш.У. Жарасов. В.Е.Камбулин. Бас. ред: А.Б. Жанарбекова, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Жауапты редактор Қ.Е. Қаймақбаева, ОҒК дир. Библиогр. ред.: Г.И. Белгібаева, Ш.Е. Құнанбаева. – Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2012. – 115 б.: сурет. [«Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясы].

ISBN 978-601-7254-41-4

УДК 01:631

ББК 91.9:4



ISBN 978-601-7254-41-4


© Орталық ғылыми

кітапхана, 2012



МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КОМИТЕТ НАУКИ

МИНИСТЕРСТВО СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АО «КАЗАГРОИННОВАЦИЯ»

ҚАЗАХСКИЙ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ НСТИТУТ ЗАЩИТЫ И КАРАНТИНА РАСТЕНИЙ

ЦЕНТРАЛЬНАЯ НАУЧНАЯ БИБЛИОТЕКА

Биобиблиография ученых Казахстана

КОЙШИБАЕВ

МУРАТ

Алматы

2012

УДК 01:631

ББК 91.9:4

К– 59
К – 59 Койшибаев Мурат: Биобиблиографический указатель / Сост.: А.Б. Жанарбекова, Ш.У. Жарасов, В.Е.Камбулин. Гл. ред.: А.Б. Жанарбекова, кандидат сельскохозяйственных наук. Отв. ред. К.Е. Каймакбаева, директор ЦНБ. Библиогр. ред.: Г.И.Бельгибаева, Ш.Е. Кунанбаева. – Алматы: Центральная научная библиотека, 2012. – 115 с.: портр. [Серия «Биобиблиография ученых Казахстана»].
ISBN 978-601-7254-41-4

УДК 01:631

ББК 91.9:4


ISBN 978-601-7254-41-4


© Центральная,

научная библиотека 2012



ОҚЫРМАНДАРҒА
«Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясының жалғасы болып табылатын бұл көрсеткіш – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Қойшыбаевқа арналған. Ғалымның кіші ғылыми қызметкерден, институттың ірі бөлімінің меңгерушісіне дейін өсу кезеңдері, КСРО-ның тапсырмасымен мемлекеттік бағдарламасының басшысы, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрі «Агроөндіріс кешенін ғылыми қамтамасыз етуге» бағытталған 042 бағдарламасы бойынша 40 жылдан астам жауапты орындаушысы болып келеді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің биологиялық және химиялық қауіпсіздігі, биотехнология және космостық зерттеулерді қолдануға бағытталған ұлттық жобалардың жауапты орындаушысы болған.

М. Қойшыбаевтың биобиблиографиясы аграрлық ғылымының Кеңес Одағының тұсында және еліміз егемендік алғаннан кейінгі тарихи дамуын, шетел ғалымдарымен тығыз байланыс арқылы көптеген түйткілдер халықаралық деңгейде қалай шешуін тапқанын нақты көрсетеді.

Биобиблиографияда ғалымның өмірі мен қызметі, сонымен қатар оның отандық және шетелдік басылым беттеріндегі ғылыми еңбектері, көпшілікке ақпараттық құрал ретінде беріліп отыр. Көрсеткіш материалдары хронологиялық тәртіппен орналасқан, әр жылдың көлемінде алдымен қазақ тілінде, одан кейін орыс және ағылшын тілінде келтірілген. Еңбектерінің әліпбилік және есімдер көрсеткіштеріне сілтемелер еңбектердің рет санымен берілген.
К ЧИТАТЕЛЯМ
Предлагаемый указатель «Биобиблиография ученых Казахстана» посвящен доктору сельскохозяйственных наук, профессору, заслуженному работнику Республики Казахстан – Койшибаеву Мурату. В ней прослеживается более 40 летний путь ученого от младшего научного сотрудника до заведующего крупным отделом института, руководителя задания госпрограммы СССР и программы 042 «Научного обеспечения агропромышленного комплекса» Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, а также ответственного испольнителя национальных программ по биологической и химической безопасности, биотехнологическим и космическим исследованиям Министерства Образования и Науки РК.

Биобиблиография М.Койшибаева – это часть истории развития аграрной науки в Казахстане при Советском Союзе и после приобретения республикой суверенитета. Ученый, обладая активной жизненной позицией, сотрудничал с коллегами из союзных республик, а после приобретения республикой суверенитета – зарубежными. Этим и объясняются успехи достигнутые им в решении многих проблем по защите растений.

Биобиблиография включает материалы, характеризующие жизнь и деятельность ученого, его научные публикации в отечественных и зарубежных изданиях, а также в средствах массовой информации. Материалы в сборнике расположены в хронологическом порядке, в пределах каждого года по алфавиту, сначала работы опубликованных на казахском, затем на русском и английском языках. В алфавитном указателе трудов и именном даются ссылки.на порядковые номера работ, расположенных в указателе трудов.
ПРОФЕССОР МҰРАТ ҚОЙШЫБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

Мұрат Қойшыбаев 1942 жылы 22 тамызда Алматы облысының Кеген (қәзіргі Райымбек) ауданының, Ақтасты ауылында қызметкердің отбасында дүниеге келді.



1959. – Кеген қазақ орта мектебін тамамдады.

– Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының агрономия факультетіне түсті.



1964. – Аталған оқу орнының өсімдік қорғау факультетін, агроном мамандығы бойынша бітірді.

1965. – Алматы облыстық өсімдік қорғау бекетінің Кегендік инспекторлық тобының агрономы.

1966. Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ-ның фитопатология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

1966-1973. – Аталған институттың кіші ғылыми қызметкері

1966-1970.– Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ-ның аспирантурасында сырттай оқиды.

1968-1972. – Комсомол ұйымының хатшысы және институттың Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы.

1971. – «Батыс Қазақстан жағдайында тарының аурулары және олармен күресу шаралары» деген тақырыпта ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидатты атағын алу үшін Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кеңесінде диссертация қорғады.

1973 -1985. – Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкері.

1981. – Ғылым жетістіктерін өндіріске ендірудегі белсенділігі үшін Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің дипломымен марапатталды.

1982-1985. – В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық академиясының астық дақылдарының тамыр шірігі ауруларының таралуы мен дамуын шектеудің кешенді шаралар жүйесін жетілдіру үшін құрылған арнайы комиссиясының мүшесі.

1986-2009. – Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ-ның астық дақылдарын зиянды ағзалардан қорғау және фитопатология бөлімдерінің меңгерушісі.

1985. – Бүкілодақтық ауылшаруашылық академиясы делегациясының құрамында өсімдіктердің карантинді нысандары жөнінде Үнді мемлекетіне іс-сапар.

1986. – КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумы жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

1989. – Алматы облысының Қаскелең аудандық халықтық кеңесінде баламалы негізде депутат болып сайланды

1987-1990. – КСРО ауылшаруашылығы Министрлігінің химиялық өсімдіктер қорғау құралдарын тіркеу жөніндегі комиссиясының фунгицидтер мен нематицидтер бойынша жұмыс тобының мүшесі.

1991-1993. – ҚР-сы АШМ жанындағы тобының төрағасы дәндер мен фунгицидтерді дәрілеу тобының төрағасы, өсімдікті қорғау туралы химиялық құралдарын тіркеу комиссиясының мүшесі.

1992-1995. – Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің химиялық өсімдіктер қорғау құралдарын тіркеу және пайдалану жөніндегі комиссиясының мүшесі, фунгицидтер мен нематицидтерді тіркеу тобының төрағасы.

1993 ж. – Бүкілресейлік өсімдіктер қорғау ҒЗИ-ның диссертациялық Кеңесінде «Қазақстандағы негізгі тары ауруының биологиялық негізде кешенді қорғау» атты тақырыпта ауылшаруашылық ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғады

1994-1997. – Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ-ның жанында құрылған диссертациялық кеңестің төрағасы.

1997. – Қазақ ауылшаруашылығы академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.

2001. – Қазақстан Республикасының аттестациялау комитетінің шешімімен агрономия мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

– Білім және ғылым Министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.



2003. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың шақыруымен АҚШ-тың Индиана штатындағы Пьюрду Университетінің мамандарымен бірлескен жұмыс бағдарламасын талқылады.

2001-2003. – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Минстрлігінің Жоғарғы аттестациялау комитетінің «ауылшаруашылығы» ғылымы саласы бойынша эксперті.

2005. – А.И. Бараев атындағы ауылшаруашылық ғылымы саласындағы жеткен жетістіктері үшін сыйлық берілді.

2006. – «Шығанақ Берсиевке 125 жыл» мерейтойлық белгісімен марапатталды.

2008. – «А.И. Бараевтың туғанына 100 жыл» мерейтойлық белгісімен марапатталды.

– Білім және Ғылым Министрлігінің ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды.



2009. – Алматы облысы Райымбек ауданы маслихатының шешімімен «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

– Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.



2010 жылдан – Қазақ өсімдік қорғау және карантині ҒЗИ-ның астық дақылдарын қорғау бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
ОСНОВНЫЕ ДАТЫ ЖИЗНИ И ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПРОФЕССОРА

МУРАТА КОЙШИБАЕВА

Мурат Койшибаев родился 22 августа 1942 года в с. Актасты Кегенского (ныне Райымбекский) района Алматинской области в семье служащего.



1959 г. окончил Кегенскую среднюю казахскую школу.

1959 г. поступил на агрономический факультет Ордена Трудового Красного Знамени Казахского государственного сельскохозяйственного института

1964 г. окончил факультет защиты растений названного института, по специальности ученый агроном.

1965 г. агроном Кегенской инспекторской группы Алматинской областной станции защиты растений.

1966 г. младший научный сотрудник отдела фитопатологии Казахского НИИ защиты растений.

1966 -1970 гг. учеба в аспирантуре Казахского НИИ защиты растений, заочно.

1968-1972 гг. секретарь комсомольской организации и председатель Совета молодых ученых института

1971 г защита диссертации на соискание ученой степени кандидата сельскохозяйственных наук на тему: «Болезни проса в Западном Казахстане и меры борьбы с ними» на диссертационном совете Казахского сельскохозяйственного института.

1973-1985 гг. старший научный сотрудник отдела фитопатологии Казахского НИИ защиты растений.

1981 г. награжден дипломом 1-степени ВДНХ Казахской ССР за успешное внедрение научных разработок в производство.

1982-1985 гг. член комиссии Всесоюзной академии сельскохозяйственных наук им. В.И. Ленина (ВАСХНИЛ) по проблеме «Корневые гнили зерновых культур».

1986-2009 гг. – заведующий отделами защиты зерновых культур и фитопатологии Казахского НИИ защиты растений.

1985 г. – в составе делегации ВАСХНИЛ направлен в служебную командировку в Индию для ознакомления с опытом работы ученых по карантинным болезням пшеницы.

1986 г. Указом Президиума Верховного Совета СССР награжден медалью «За трудовую доблесть».

1989 г. – на альтернативной основе избран депутатом Каскеленского районного совета народных депутатов Алматинской области.

1987-1990 гг. – член рабочей группы Госкомиссии по химическим срествам защиты растений при МСХ СССР.

1991-1993 гг – член комиссии по регистрации химических средств защиты растений, председатель группы по протравителям семян и фунгицидам при МСХ Республики Казахстан.

1993 г.защита диссертации на соискание ученой степени доктора сельскохозяйственных наук на тему: «Биологические основы комплексной защиты проса от основных болезней в Казахстане» на диссертационном совете Всероссийского НИИ защиты растений.

1994-1997 гг. – председатель диссертационного совета при Казахском НИИ защиты растений.

1997 г. – избран членом-корресподентом Казахской академии сельскохозяйственных наук.

2001 г. – решением ВАК РК присвоено звание профессора по специальности «Агрономия».

2001 г. – награжден медалью: «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан» Министерства образования и науки.

2003 г. – по приглашению международного научно-технического центра МНТЦ посетил штат Индиана США для согласования рабочей программы исследований со специалистами Университета Пьюрду.

2001-2003 гг. – эксперт Высшей Аттестационной Комиссии Министерства образования и науки РК по сельскохозяйственным наукам.

2005 г. – присуждена Премия имени А.И. Бараева за достигнутые успехи в области сельскохозяйственных наук.

2006 г. – награжден юбилейной медалью «125 лет со дня рождения Шыганака Берсиева».

2008 г. – награжден юбилейной медалью «100-лет со дня рождения А.И. Бараева».

2008 г. – награжден Почетной Грамотой Министерства образования и науки за достигнутые успехи в науке.

2009 г. – решением маслихата Райымбекского района Алматинской области присвоено звание «Райымбек ауданының құрметті азаматы».

2009 г. – Указом Президента Республики Казахстан присвоено Почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

2010 г. – главный научный сотрудник отдела защиты зерновых культур Казахского НИИ защиты и карантина растений.
МҰРАТ ҚОЙШЫБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ

Мұрат Қойшыбаев ТМД және алыс шетелдердегі өсімдіктерді қорғау саласындағы атақты ғалым, Қазақ өсімдіктер қорғау ҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкерден бөлім басшысына дейінгі жолдан өтті.

1966 жылы фитопатология бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып қабылданады. 1966-1970 жылдар аралығында аспирантурада сырттай оқып, Ж.Т. Жиембаевтың басшылығымен Қазақстанның Батыс аймағында тары ауруларын зерттеді. Негізгі стационарлық негізде ғылыми жұмыстарды жүргізуде Ақтөбе тәжірибелі бекеті таңдалып, Ақтөбе мен Орал облысында негізгі тары себу шаруашылығының құрамының бағыты анықталып, сонымен қатар Уил ауданынан дүниежүзілік рекорд жасаған атақты тарышы, Шығанақ Берсиев жетістіктерге жетті. 1971 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының кеңесінде «Батыс Қазақстан жағдайында тарының аурулары және олармен күресу шаралары» атты тақырыбында өсімдік қорғау – мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Үлкен мақаласы КСРО ҒА-ның «Микология және фитопатология» атты талғамы өте жоғары журналында жарық көрді. 1971-1975 жылдары ғалым тары ауруын зерттеу жұмыстарын солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында Павлодар және Семей ауылшаруашылық тәжірибелі бекетерінде жалғастырды.

Жас кезінен қоғамдық жұмыстарда да айтарлықтай белсенділік көрсетті. 1968-1972 жылдары ол Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ-ның комсомол ұйымының хатшысымен қатар, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1970 жылы Коммунистік партия қатарына қабылданып, 1974-1976 жылдары институттың партиялық бюросының мүшесіне сайланды.

Тың және тыңайған жерлер игерілгеннен кейін Қазақстан мен Ресейдің Батыс Сібірі, Еділ жағалауы мен Оңтүстік Орал және т.б. аймақтарында астық дақылдарының тамыр шіруі ауруы үлкен түйткілге айналған еді. 1976-1985 жылдар аралығында М. Қойшыбаевтың негізгі зерттеу нысаны астық тамырының шіруін зерттеу болды. Жыл сайынғы экспедицияның негізінде климаты алуан түрлі келетін, шөл-даладан басталып, («Қаскелең» және «Іле» астық совхозы), биік таулы (бұрынғы Кеген және Нарынқол ауданы) Алматы облысында жасыл желек жамылған биік таулармен алмасатын астық дақылдары егістерінде аурудың таралуы осы аймақтың биіктік белдеулеріне байланысты екенін анықтады. Қазақ егін шаруашылығы ҒЗИ-да және Торғай мен Солтүстік-Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе бекеттерінің (АШТС) тұрақты танаптарында жүргізілген көпжылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жаздық бидай мен арпа егістерінде тамыр шіруінің таралуы мен зияндылығын шектеуде агротехникалалық шаралардың, әсіресе ауыспалы егіс жүйесінде алғы дақылдардың атқаратын рөлі сараланды. Алғаш рет аурудың дамуы мен топырақтың беткі қабаты (10 см)-ге дейінгі және 100 см тереңдікте сақталатын ылғал мөлшерінің арасында тығыз байланысты екені анықтады.

Сол жылдары астық дақылдарының тамыр шірігі Ресей, Белоруссия, Украина және Балтық жағалауындағы елдер үшін де шешуі нақты табыла қоймаған үлкен мәселе еді. Осы мәселенің шешімі ретінде 1982 жылы Бүкіл Одақтық ауылшаруашылығы Академиясында (Ленин атындағы БОАША) академик Ю.Н. Фадеевтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылған еді, оның құрамында атақты ғалымдар – А.А. Бенкен, М.Ф. Григорьев, С.Ф. Буга (Белоруссия), Е.М. Обухович, В.А. Чулкина, Б.Г. Рейтер (Ресей), Т.Г. Зражевская (Украина), З. Жевите-Кульвитене (Литва) және Қазақстаннан М. Қойшыбаев болды. Бұл жұмыс «Защита зерновых культур от корневых гнилей» (М.: «Агропромиздат», 1986, 36 б.) атты өндіріске арналған ұсынысты дайындаумен аяқталды, оған ғалымның Қазақстанның әртүрлі аймақтары бойынша жинақталған құнды деректер келтірілген.

1970-1980 жылдары М. Қойшыбаев тарының аурулары бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Сол жылдары Ресейдің тары егетін біраз аймақтары, әсіресе Татарстан АССР мен Украинада кең таралған және Қазақстанда жаңа байқала бастаған – меланоз немесе дән қараюы ауруының этиологиясын жан-жақты зерттеп, оның даму ерекшеліктерін анықтады. Басқа жылдары меланоз Қазақстанның Орал, Қостанай және Павлодар облыстарында байқалды. Осы дақылдың аса кең таралған, өте зиянды ауруы Қазақстанмен қатар Ресей және Украина селекционерлері шығарған сорттардың және Кеңес Одақтық (ВИР) коллекция үлгілерінің беріктігін анықтады. Ауру қоздырғышының нәсілдік құрамы және оның өсімдік-иесімен қатар эволюциясы нәтижесінде өзгергіштігі зерттеліп, оларды ажырататын сорттар мен үлгілер ұсынылды. Зерттеу нәтижелерінің жемісті болуының басты себебі – И. В. Яшовский, В.П. Вельсовский, В.А. Ильин, С.И. Константинов, Н.П. Агафонов, А.Ф. Курцева, Л.Я. Шапина, М.В. Богданович, Л. Г. Сагдиев және т.б. Ресей және Украина ғалымдарымен бірлесе жүргізілгеннен еді. Тыңғылықты жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде М. Қойшыбаев, тары тұқымының зеңденіп, өнгіштігінің төмендеуі дәннің бастапқы ылғалдылығының 15-16 пайызға және одан да болғанда, ал оның негізгі себебі зең саңырауқұлақтары екенін дәлелдеді. Жинақталған деректерге математикалық талдау жүргізе отырып, олардың бір-бірімен корреляциялық байланысын анықтап, зерттеу жұмысының нәтижесі академик В.А. Захаренконың ұсынысымен Ресейдің «Ресауылшаракадемия доклады» журналында (1991 ж., №7) жарық көрді. Бүкілодақтық ауылшаруашылығы академиясының ұсынысымен «Фитосанитарная и иммунологическая оценка проса» (М.: «Агропромиздат», 1990) атты әдістемелік ұсыныс шығарды. Тарының аурулары жайлы жүргізілген көп жылдық жұмыстарды қорытындылай келе ғалым 1993 жылы Бүкілресейлік өсімдіктер қорғау ҒЗИ-ның кеңесінде «Қазақстандағы негізгі тары ауруының биологиялық негізде кешенді қорғау» атты тақырып бойынша докторлық диссертация қорғады. Кеңес төрағасы академик К.В. Новожилов және басқада белгілі ғалымдар бұл жұмысты өте жоғары бағалап, оны монография ретінде шығаруды ұсынған еді. Мұндай қомақты еңбек шығаруға қаражаттың тапшылығына қарамастан, 1998 жылы ғалымның «Болезни проса» (Алматы: «Бастау», 246 б). атты монографиясы жарық көрді. Бұл ТМД елдерін былай қойғанда, бүкіл дүние жүзі бойынша осы тақырыпқа жазылған бірінші қомақты еңбек еді.

1986 жылдан бастап М. Қойшыбаев негізгі азықтық дақыл – бидайдың ауа толқындары арқылы таралатын септориоз, жапырақ пен сабақ және сары тат аурулары бойынша республиканың солтүстік, шығысы, оңтүстік және оңтүстік шығысы аймақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Корреляциялық және регрессиялық талдау нәтижесінде ғалым бірінші рет республиканың астық өндіретін солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында қоңыр тат пен септориоз ауруларының таралуы мен көпжылдық даму динамикасы ауа-райына, әсіресе бидайдың сабақтану-масақтану-дән түзу мерзіміндегі түскен ылғал мөлшері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығына және гидротермикалық коэффициентке тікелей байланысты екенін анықтады. Осы аурулардың даму мерзімі мен қарқындылығы және зияндылығының арасындағы статистикалық байланыстар сараланды. Көп жылдық зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе ғалым астық дақылдары ауруларының дамуы мен зияндылығын шектеудің кешенді жүйесін жетілдіріп, өндіріске ұсынды.

Астық дақылдарының тат және септориоз аурулары аса зиянды нысандарға жатады, эпифитотия жылдары олардан келетін орасан зор шығынды төмендету үшін мемлекет қаржысынан біраз қаражат бөлінеді. Осыны ескере отырып, М. Қойшыбаев 2009 жылы, аталған нысандардың таралу ареалы мен даму қарқынын және жиілігін бейнелейтін арнайы карталарды Жағрафия институтымен бірлесе отырып дайындап, бұл материалдар ҚР-ның ТЖҚ басып шығарған («Атлас природных и техногенных опасностей и рисков чрезвычайных ситуаций» 2010 ж., 207-208 б). атты жағрафиялық атласқа енгізілді. Оған ғалымның республиканың әртүрлі аймақтары бойынша жинақтаған көпжылдық деректерімен қатар, 1998-2005 жылдар аралығында СИММИТ және ИКАРДА халықаралық орталықтардың ғалымдарымен бірлесе жүргізген Қазақстан және оның басқа аймақтарындағы (Өзбекстан, Қырғызстан Республикасы, Ресейдің Батас Сібірі) зерттеу жұмыстарында жинақталған деректер жинақталды.

Еліміз егемендік алғаннан кейін ауылшаруашылық дақылдарын зиянкес ағзалардан қорғау үшін қолданылатын пестицидтерді тіркеу Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігінің (АШМ) құзырына көшті. Алғашқы жылдары бұл жұмысты министрдің орынбасары В. Косарев, комиссия мүшесінде: республикалық өсімдікті қорғау бекетінің бастығы Б.К. Ляхов, Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ-ның директоры – Т. Нұрмұратов, институттың бөлімдерінің меңгерушісі – М. Қойшыбаев, А.Г. Георгиади, санэпидемологиялық қызметінің өкілдері болды. М. Қойшыбаев жұмыстың дұрыс жолға қойылуына біраз көмек көрсетті. Ғалымның 80-жылдары КСРО АШМ-нің өсімдіктер қорғаудың химиялық құралдарын тіркейтін мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшесі ретінде жинақтаған тәжірибесі біраз септігін тигізді. Өсімдік қорғау құралдары өзімізде өндірілмейтіндіктен олар шет елден әкелінді, пайдалануға тіркеу алдында республика аймақтарында 2-3 жыл тіркеулік және өндірістік сынақтан өтетін. М. Қойшыбаев осы жұмысқа көп көңіл бөліп, астық дақылдарының тұқымын дәрілеуге арналған препараттар мен өсу кезеңінде ауа толқындары арқылы таралатын ауруларға қарсы қолданылатын көптеген фунгицидтердің тиімділігін анықтау мақсатында республиканың әртүрлі аймақтарында зерттеулер жүргізді. Өсімдік қорғау құралдарын шығаруға маманданған Германияның «Байер» және «БАСФ», Японияның «Сумитомо», Англия мен АҚШ-ның «Юнироял-Кемикл», Швейцарияның «Новартис» фирмаларының шақыруымен аталған мемлекеттерде болып, олардың жетістіктерімен танысты.

М. Қойшыбаев қоғамдық жұмыстарда да айтарлықтай белсенділік көрсетті. Ол 1989 жылы баламалы негізде Қаскелең аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1993 жылы Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі, кейін төрағасы болады. 1998-2000 жылдары картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-ның диссертациялық кеңесінің мүшесі ретінде онда және Микробиология мен вирусология институтының диссертациялық кеңестерінде қорғалған бірнеше докторлық және кандидаттық жұмыстардың оппоненті болды. 2001-2003 жылы ол ҚР ЖАК-тың ауылшаруашылық және ветеринарлық ғылымдары, «егін шаруашылығы», «өсімдік шаруашылығы», «орман шаруашылығы», «селекция және тұқым шаруашылығы», «өсімдік қорғау» және басқа мамандықтар бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларға қорытынды жасайтын сарапшы қызметін атқарды.

Соңғы жылдары М. Қойшыбаев өсімдік ауруларымен күресудің экономикалық және экологиялық тұрғыдан аса тиімді жолы – бидайдың тат, септориоз және өте кең таралған және зиянды ауруларына берік сорттарын шығаруға көп көңіл бөлуде. ИКАРДА және СИММИТ халықаралық орталықтарының көмегімен аталған дақылдың дүниежүзінің біраз елдерінен алынған мыңдаған үлгілері сыналып, олардың ішінен сары және қоңыр тат, септориоз және сары теңбіл ауруларына беріктері сұрыпталып, селекциялық жұмыстарға тікелей пайдалануға және бидайдың генетикалық қорын толықтыру мақсатында сақтауға ұсынылды. 2001 жылы Қарабалық тәжірибе бекетінің мамандарымен бірлесе отырып ғалым басым келген жаздық жұмсақ бидай ауруларының тұрақтылығына зерттеу жұмысын жүргізеді. 2010 жылы КАСИБ бағдарламасымен жаңа сорт экологиялық сыннан Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстанда, Оңтүстік Оралда, Батыс Сібірде және Алтай да өтті. 2011 жылғы Қарабалық АШТС-пен бірлесіп құрылған жаздық бидайдың сортын, мемлекеттік сортты сыннан өткізу 2012-2014 жж. 2 сортты жоспарлауды ұсынды.

Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде, республиканың әртүрлі аймақтарында – Қазақ егін шаруашылығы жер игеру ҒЗИ, А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да, Ақтөбе, Солтүстік-Қазақстан, Қарабалық АШТС-да жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ғалым астық дақылдарының негізгі ауруларының таралуы мен көпжылдық даму динамикасын және зияндылығын шектейтін кешенді шаралар жүйесін ұсынып, оларды егін шаруашылығын әр тараптандыру жаңа технологияларды ендіру талабына сай жетілдіре отырып, 12 ұсыныстық және әдістемелік нұсқаулар шығарды.

М. Қойшыбаев халықаралық байланыстарды нығайту саласында да көп еңбек сіңірген. Ғалым сары тат ауруы жайлы мәселенің – 2001 жылы Иранда, 2006 жылы – Ташкентте, 2009 жылы – Туркияда халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалармен шыққан. 2005 жылы ол 2-ші Бүкілресейлік өсімдікті қорғау бойынша өткен съезде баяндама жасаған. 2003 жылы – Алматы, 2006 жылы – Ыстық көлде (Қырғызстан) бидай жайында өткен халықаралық конференцияда өсімдік қорғау симпозиумының қосымша председателі болды. 2000-2005 жылдары СИММИТ, ICARDA ICAR, USD / ARS халықаралық орталықтармен бірлесіп зерттеулер жүргізді. СИММИТ және ИКАРДА халықаралық орталықтардан тренингтен өтіп, сертификат алған. 2001 жылдан Солтүстік Африка, Шығыс пен Орталық Азия аймағы бойынша астық дақылдарының сары тат ауруы жайлы үйлестіру комиссиясының құрамында болды. 2010 жылы осы мәселеге арналған халықаралық конференцияда, ИКАРДА халықаралық орталығынан жемісті еңбегі үшін естелік сувенирімен марапатталды. Сонымен қатар ол СИММИТ халықаралық орталығының ұымдастыруымен оның қызметтік өміріне белсене араласып, 2000 жылдан КАСИБ-тің комиссия мүшесінде болады.

Қоғамдық жұмыста да белсенділігі арта түседі. 2001-2009 жж. Қазақ өсімдік қорғау және карантині ҒЗИ-ның және (2009-2011 жж). Қазақ өсімдік және егін шаруашылығы ҒЗИ-да егін шаруашылығы, «селекция және тұқым шаруашылығы», «егін шаруашылығы» және өсімдік қорғау мамандықтары бойынша докторлық диссертацияны қорғауда диссертациялық кеңесінің мүшесі болып таңдалды. Барлық аталған мамандықтар бойынша диссертациялық жұмыстарды талқылауда үлкен белсенділік көрсетті. Ғылыми кадрларды даярлауда үлкен көңіл бөледі.

Мұрат Қойшыбаев биология және егін шаруашылығы салалары бойынша әр жақты және терең білім иесі ретінде өндірістің бүгінгі қажеттілігін шешетін қолданбалы зерттеулермен қатар, теориялық маңызы және болашағы зор жұмыстармен айналысты: ғарышты зерттеу орталығымен бірлесе отырып астық дақылдарының фитосанитарлық ахуалын жер серіктері арқылы бақылау, биотехнологиялық орталықпен және М.А. Айтқожин атындағы биохимия және генетика институтымен, Ұлттық биотехнологиялық орталықтармен бірлесе отырып, бидайдың ауруларға және қоршаған ортаның қолайсыздық жағдайларына берік сорттарын шығаруда биотехнология әдістерін қолдану, сонымен қатар ол егемен еліміздің биологиялық және химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттталған бағдарламалармен де жұмыс жүргізді.

Қойшыбаев М. 300-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде КСРО және ҚКСР мен Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі бекіткен өндіріске арналған 12-ден аса ұсыныстар мен әдістемеліктер; КСРО-ның – 2 авторлық куәліктері мен Қазақстан Республикасының 3 инновациялық патенті, 2 монография «Болезни проса» – (Алматы: «Бастау». – 1998, 247 б.), «Болезни зерновых культур» (Алматы, «Бастау», 2002 ж. – 367 б.), ауыл шаруашылығы саласында істейтін мамандар мен жоғары оқу орындарына арналған 4 оқу құралы мен анықтама. 20-ға жуық ғылыми мақалалары ағылшын тілінде Сирия мен Иранда, Австралия мен Канадада және т.б. мемлекеттерде жарық көрген. 11 аспиранттар мен ізденушілерді, сонымен қатар 4 жұмысты мемлекеттік тілде дайындаған.

Ғалым мемлекеттік тілдің дамуына үлкен көңіл бөледі. Оның республиканың аграрлық секторының құрылымының мәселесіне, қоршаған орта мен өсімдікті қорғау, мемлекеттік тілдің кең көлемде пайдалану сияқты мақалалары республикалық: «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Казахстанская правда», «Атамекен», облыстық – «Жетісу» газеттер беттерінде басылды.

М. Қойшыбаев ғылыммен қатар әдебиетке, түркі халықтарының шығу тарихына да көп көңіл бөледі. Орыс пен шетел классиктерінің көпшілігінің және де Олжас Сүлейменов пен Әнуар Әлімжановтың шығармаларын орыс тілінде, ал ана тілінде қазақ классиктері – Абай Құнанбаев, Шәкәрім, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сабит Мұқанов, Жамбыл Жабаев, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжамал Нұрпейісова, Ілияс Есенберлин және т.б., сонымен қатар ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын ана тілімізде оқып шыққан. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы тарихынан, Кеңес Өкіметінің маршалдар Г. К. Жуков пен А.Я. Яковлев және тағы басқа саясаткерлердің естеліктерін зейін қоя оқыған. Ғалым суреттермен шұғылданады. Шөлейт жердегі шағыл құмнан бастап, жасыл желекпен көмкерілген биік таулар, түрлі-түсті суреттер коллекциясын жинақтаған. Мұрат Қойшыбаевтың өсімдік аурулары бойынша өте бай жинақталған суреттер мәлімет базасын құрайды. Келешекте арнайы суреттер көрмесін көрсетуін жоспарлайды.

М. Қойшыбаев, білімді ғалым ретінде, республикадағы өсімдік қорғау саласындағы ғылымға үлкен үлес қосты.



Ш.У.Жарасов , академик, ауылшаруашылығы ғылымдарының докоторы, профессор.

А.Б. Жанарбекова, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, институттың ғылыми хатшысы.
Каталог: elib
elib -> Аналого-цифровые преобразователи Общие сведения
elib -> Конспект лекций по учебной дисциплине «международное публичное право» тема 1 понятие, сущность и роль международного права в современных международ ны Х отношениях
elib -> Беларусь молдова: взаимодействие в условиях перехода на новый уровень
elib -> Конспект лекций по курсу «История славянских народов: История России и Украины
elib -> 1. Предмет прикладной климатологии Задачи науки Изучаемые явления и процессы
elib -> Тема 17. Паннельно-лучистое отопление 17 Характеристика и классификация панельно лучистого отопления
elib -> Учебное пособие для студентов высших учебных заведений
elib -> Вечер Александр Васильевич, кандидат технических наук, доцент 2015 Магистерская диссертация
elib -> Вестник южно-африканского посольства


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


База данных защищена авторским правом ©grazit.ru 2019
обратиться к администрации

войти | регистрация
    Главная страница


загрузить материал